Ресейдің Сириядан әскерін шығаруы – АҚШ дипломатиясының жеңісі

/uploads/thumbnail/20170708224835686_small.jpg

Путиннің Сириядан бас тартқаны, әрине, батыс елдердің, біріншіден Құрама Штаттарының, дипломатия жетістігі.

1. Асад және оппозиция арасындағы келіссөздер дәл бүгін Женевада басталмақ. Ресей әскери күштері оның бір күн алдында Сириядан кеткені сол келіссөзінде Асадтың позициясын әрине қатты әлсіздіреді.

2. Ресей күштері Сирияға оппозицияны жойып тастау үшін келді, бірақ мақсатына жетпей кетіп жатыр. Әрине ол жеңіліс.

3. ИГИЛді алсақ - ол да әлі тірі, бұнда да Путин жариялаған мақсатына бармады.

4. Төртінші мақсат - Европаны Сирия босқындарымен іштен жарылу - жүзеге асырмады. Европа бұл проблеманы ақшамен шешетін болды, - Түркияға 3,5 млрд евро бөліп, босқындардың толқындарын тоқтататын болды.

Ресей мемлекеті қаражатқа қазір қатты шөлдеп тұр). Батыс елдердің жеке меншік банктерінен қарызға ақша алғысы келді. Бірақ оған Құрама Штаттары және Европа тыйым салып жол бермей жатыр. Ал Сирияда әскери күштерді ұстау үшін қалын ақша керек. Ол ақша Ресейде жеткіліксіз.

Екі апта бұрын Сауд Арабия мен басқа араб елдері Ирақтың шеқарасының қасында үлкен (150 мың сарбаздарын қолданып) әскери жаттығуды өткізіп бітірді. Әрине ол Путинге әсер етеді. Бұндай үлкен соғысқа Мәскеу дайын емес. Ал ядролық қаруды жұмсаса, ол өзі өзін өлтірумен тең.

Сондықтан Ресей Сириядан бас тартқаны ол батыс елдердің, біріншіден Құрама Штаттарының, дипломатия жетістігі деп есептеймін. Келесі станция - Украинаның Донбасынан кету керек.

Мұхтар Тайжанның «Фейсбуктегі» парақшасынан алынды

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар