«Алдараспан» әзіл-сықақ театрының актрисасы Гүлжанар Сазанбайқызы дүниеден озды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Baistars.kz-ке сілтеме жасап. Актриса ауыр науқастан көз жұмған.
"Бүгін Оңтүстік шоқ жұлдызы, өнерлі де, талантты қызы Гүлжанардан айрылып қалды. Қанша мадақтасақ та жарасатын, ақылды да парасатты Гүлжанарымыз биыл тұрмысқа шығып, ана болуға дайындалып жүрген еді. Бірақ сұм ажал оны арамыздан алып кетті. Бәрімізге де ауыр тиді бұл қаза, жаның жаннатта болсын деуден басқа амалымыз жоқ" - деп жазды актрисаның әріптесі Айнұр Ақбаева Фейсбуктегі жеке парақшасында.
Гүлжанар Сазанбайқызы "Алдараспан" театрының негізін Нұржан Төлендиевпен бірге қалаған. ОҚО әзіл-сықақ және сатира театрында да қолтаңбасын қалдырып үлгерді. Сонымен қатар, бірнеше телевизиялық жобаларға түсіп, "Шаншар" , "Шымкент-шоу" әзіл-сықақ театрларында да өнер көрсетті. Оралхан Бөкей атындағы көркем сөз оқу байқауының бас жүлде иегері. Облыстық Қазақстан-Шымкент телеарнасында бірнеше жыл тележүргізуші болып қызмет атқарды.
Актрисаның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.
Пікір қалдыру