Әлеуметтік желілерде әлемнің көптеген елдерінен ондаған адамдардың қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап жатқандығы жайында бейнетаспа пайда болды.
«Бүкіл әлем елдерінен Наурыз мерекесімен құттықтау» деп аталатын бейнероликті екі күн ішінде 13 мыңға жуық адам қарап шыққан.
«Қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен Жапония, Африка, АҚШ, Аргентина, Малайзия, Канада, Латвия, Вьетнам, Англия, Индонезия, Нидерланд, Австралия, Татарстан, Грузия, БАӘ, Қытай, Германия, Ресей және Қазақстан азаматтары құттықтады», -делінген бейнекөрсетілімнің қолтаңбасында.