Шұғыл! Ауыр науқасқа шалдыққан бауырымызға көмек керек!

/uploads/thumbnail/20170708230641530_small.jpg

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш елді мекенінің тұрғыны Нұртай Ералы бауырымыз ауыр науқасқа шалдығып, көмекке зәру болып отыр. Нұртай отбасымен 2004 жылы Қытайдағы Күнес елді мекенінен осы денсаулық жағдайына байланысты көшіп келгенін, елде біраз ем қабылдаған соң жағдайы жақсарғанын, кейін келе кенеттен денсаулығы қайтадан сыр бергенін айтады. Дәрігерлердің қойған диагнозы: Созылмалы бүйрек ауруына (толық диагнозы: Созылмалы бүйрек ауруы. Созылмалы гломерулонефрит салдарынан болған 5-сатыдағы бүйрек жетіспеушілігі). Дәрігерлер Нұртайдың бүйрегін ауыстыру керек деп отыр. Дәрігерлердің тексерісі мен тапсырылған анализдер науқастың қос бүйрегінің істен шыққанын және бүйрек ауыстыру керектігін көрсетіп отыр. Тегін донордың жоқтығынан мемлекет есебінен операция жасау мүмкін болмай отыр. Нұртай мен отбасы мүшелері, достары барша қазақ бауырлардың науқастың тиісті ем алуы үшін қаржылай көмек көрсетулерін сұрайды. Осы мақсатта жәрдем көрсетем деушілер үшін Қазақстан және Қытай банктерінен арнайы есеп-шот ашылып отыр. Халық банк: Ауелхан Санал, тел.: 8708 915 1558 4402 5735 3350 1898 SANAL AUYELKHAN Қытайдағы банк шоты: 6222 0230 0600 4190 967, Ерсін Құрман, тел.:13565221223

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар