Мұхтар ТАЙЖАН: Лаң, соғыс, ешкімге керек емес

/uploads/thumbnail/20170709004309665_small.jpg

Мен баспасөз маслихатқа үйден шығып бара жатқанда, мені милиция күтіп тұрды екен. Машинаға сыпайы түрде шақырып, "сізді РОВД-ның бастығы күтіп отыр" деп, РОВД-ға апарды. 
РОВД-ның бастығы кабинетінде Бостандық ауданың әкімі, қаланың прокурорының орынбасары, Бостандық ауданың прокуроры, жақсылап түрде әңгімелестік. Басқа жігіттер видио жазып отырды.
Былай келістік, осы демалыс күндерден кейін бізді қаланың әкімі Бәйбек қабылдайды, жер мәселесін талқыға саламыз. Мен ортақ комиссиясын құруға шақырдым. Кәсіби тұрғыда заңды да, әлемдік тәжірибиесін қарастырайық деп. Сосын бұл заңды өзгерту керегін айттым. Әйтпесе сіздер де, біздер де жерімізден айырылып қалуымыз мүмкін. 
Лаң, соғыс, ешкімге керек емес. Көршілеріміз соны аңдып отыруы мүмкін. Өзіміз ақылмен, сабырмен бұл мәселені шешіп тастауымыз жөн. Көреміз енді.
Әңгімеден кейін жақсы қоштасып, мені үйге апарып жеткізді.

Қатысты Мақалалар