Өзіңе қымбат жандар үшін қауіпсіздік ережелерін бес саусағыңдай біл!

/uploads/thumbnail/20170709005102140_small.jpg

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы 18 кәсіпорында осындай атаумен ерекше айлық өткізілді. 28 сәуір – бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне орайластырылған ауқымды шара Топтың 61 мыңнан астам еңбек ұжымын толық қамтыды. ERG өндірістегі жұмысшылардың қауіпсіздігі мен денсаулығына әрдайым ерекше көңіл аударып, басты назарда ұстап келеді.  

Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау айлығы аясында бір ай бойы әр кәсіпорында қауіпсіздік тақырыбын ту еткен КВН, интеллектуалды ойындар мен түрлі викториналар, балаларға арналған сурет сайыстары сынды алуан шаралар өткізіліп, әр цех қызметкерлерін қамтыды.

Еуразиялық Топ (ERG) осы ауқымды шаралардың қорытындысы шығарылған сәуірдің 28-і күні бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін Павлодар қаласындағы қуатты үш құрылымына шақырып, «ERG Service» АҚ филиалы –  Павлодар машина жасау зауытына, "Қазақстан Алюминийі" АҚ және "Қазақстан электролиз зауыты" кәсіпорындарына баспасөз-туры ұйымдастырылды. БАҚ өкілдеріне өңірдегі өнеркәсіпті өрге сүйреген алпауыт зауыттардың есігі айқара ашылып, журналистер өндірістік процестерді көріп, жаңа технологиялармен жақынырақ танысты.

 

 

Журналистерге ең алдымен өндіріс ошағында өзін-өзі ұстау ережелері мен қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жеке қорғаныс құралдары: арнаулы киім, каска мен көзілдірік ұсынылып, кәсіпорын туралы ақпарат берілді. Белгілі болғаны тілшілер аралаған әрбір кәсіпорында биыл қолға алынған тың бастамалар мен сол жолдағы алғашқы табыстар бар. Мысалы, Павлодар машина жасау зауыты Қазақстанда алғаш рет 140 тонналық көпірлі кран құрастырып жатыр. Бастысы өндіріске қажетті жабдықты осындағы мамандар толықтай өздері жобалап, жоспарлап, құрастыруға кіріскен. Жазға қарай кран «Қазхром» трансұлттық компаниясына жеткізілмек. Зауыт бұдан басқа түрлі мақсаттағы көпірлі, төрт тағанды жүккөтергіш жабдықтар жасаумен айналысады. Өнімін сыртқы нарықтарда да саудалап отырған зауытта биыл біршама жаңа жұмыс орындары ашылған.

 

– «Біз кәсіпорын қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасының талаптарын қатаң сақтауға қатысты  тұрақты жұмыс жүргізіп тұрамыз. Былтыр компанияда 346 адам еңбек етсе, биыл жыл басынан бері қосымша 58 жаңа жұмыс орны ашылды. Тапсырыстар осы қарқынмен молая түссе, тағы да жаңа жұмыс орындары ашылады. Еңбекақыны да биыл 19 мың теңгеге өсіріп, орташа мөлшерін 139 мың теңгеге жеткіздік. Өткен жылы 1 млрд. 258 млн. теңгенің өнімін өндірсек, биыл оны 4 еселеп, 5 млрд. теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз, – деді «ERG Service» АҚ филиалы – Павлодар машина жасау зауытының директоры Леонид Белогривый.

 

Журналистер келесі нысан «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның зауытына барып, жаңалықтарымен танысты. Мұнда ең бірінші көзге түскен -  пеште айналып тұратын алюминий тотығының дайындалу процесі. Ерекше әсер алған тілшілер, өндіріс учаскесінде естелік суретке түсті. Сонымен қатар, кәсіпорында жаңа өнім - металл құйма қалыптары шығарыла бастағаны хабарланды. Бұл алюминий дайындауға қажетті өнім  болып табылады. Жобаны толығымен алюминий зауытының қызметкерлері әзірледі.

 –  Біз биыл Қазақстан электролиз зауытына қажетті құйма қалыптар шығара бастадық. Қалыптардың бір технологиясын бұрын Қытайдан алатынбыз. Сондай-ақ Францияның технологиясын да пайдаланатынбыз. Енді 100 пайыз өзіміз жасайтын дәрежеге жеттік. Бұл енді оңайға соққан жоқ. Төккен теріміз текке кетпеді. Екі түрлі қалыптарды дайындап отырмыз. Тапсырыстарды уақытылы орындауға тырысамыз. Мысалы, алдағы мамыр айына 75 қалыпқа тапсырыс түсті. Мамандарымыз жеткілікті. Сапасы өте жоғары. Шетелден келетін қалыптардан кем емес», – дейді «Қазақстан алюминий» АҚ зауытының құю өндірісінің аға шебері Мәжит Батырша.

 

Сапардың соңғы нүктесі Қазақстан электролиз зауыты болды. Онда Алюминий зауытында дайындалған құйма қалыптарға алюминий құйылады екен. Өндіріс көлемі жылына – 250 мың тонна.

Қызу жұмыс қарқынына қарамастан, Қазақстан электролиз зауытында қауіпсіздік техникасы ешқашан ұмыт болған емес.

– Біздің кәсіпорында қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселесі әрқашан бірінші орында, себебі ең маңыздысы – адамның денсаулығы.  Біздің басшылық отбасымызға аман-сау баруымыз үшін бар күш-жігерін жұмсайды. Мысалы, міне бүгін ғана еңбекті қорғау айлығы  аяқталды. Оның қорытындысында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Оған барлық құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатысып жатыр», – деді Қазақстан электролиз зауытының литейн өндіру цехының бас технологы Самат Ауталипов.

 

 

Қызыққа толы бұл күннің аяқталар шағында «Құндылықтар қабырғасы» табыстырылды. Бейнеттің табын көрген жұмысшы алақанының алып таңбасына әрбір қызметкер өзі үшін ерекше қымбат жандардың есімдері жазылған шағын, түрлі-түсті алақандарды жабыстырды. Бұл олардың әрқайсысын таңертең жұмысқа шығарып салып, үйде тағатсыздана тосатын ең жақын адамдары, ет-жақын туыстарының аялы алақанындай. Осылайша жұмысшылар еңбекте алдымен өзіне ерекше қымбат жандар үшін қауіпсіздік ережелерін бес саусағындау білуі керек екенін ой елегінен тағы бір мәрте өткізіп, санаға мықтап түйіп алды. Бұл идеяны олар ерекше қызығушылықпен қабылдап, әрқайсысы аялы алақанға жақындарының атын жазып, құндылықтар қабырғасына ілді.

EURASIAN RESOURCES GROUP туралы анықтама

Eurasian Resources Group (ERG) өндіру және байыту саласындағы табиғи ресурстары бола тұра, толығымен интеграцияланған тау-кен өндіру, өңдеуші, энергетикалық, көлік және маркетингтік операцияларын жүзеге асыратын әлемдегі әртараптандырылған жетекші компаниялардың бірі. Бизнес жобаларды дамытушы топ құрлықтағы 14 елге жұмыс беруші ең ірі кәсіпорынның бірі болып табылады. Eurasian Resources Group (ERG) 2014 жылы 20 жылдығын тойлады. Кәсіпорынның бас кеңсесі Люксембургте орналасқан.

Қазіргі уақытта ERG өндірісінде феррохром мазмұны бойынша, хром және темір кенін жеткізушілерінің әлемдік көшбасшы болып табылады. Топ, сондай-ақ, алюминий өндірушілер мен мыс және кобальт жеткізушілердің жетекші ондығына кіреді.

ERG — бұл Қазақстан Республикасындағы тау-кен металлургия кешенінің үштен бір бөлігі. Сондай-ақ, ERG Орталық Азиядағы электр энергиясын жеткізуші мен ірі темір жол операторының бірі. Қазақстанда кәсіпкерлер тобына "Қазхром" ТҰК "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" (ССКӨБ), "Қазақстан Алюминийі", "Қазақстан электролиз зауыты" (ҚЭЗ), Еуразиялық энергетикалық корпорациясы" (ЕЭК), "Шұбаркөл көмір" және Көлік тобы "ТрансКом" кіреді. Қазақстанда ERG кәсіпорнында 61 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Конго Демократиялық Республикасында ERG мыс және кобальтты Boss Mining, Frontier және Comide кен кәсіпорындарында өндіреді және өңдейді. Сондай-ақ, бірқатар басқа да жобаларды дамыту, жақында аяқтау жұмыстары, соның ішінде жоба Metalkol Roan Tailings Reclamation (RTR) осы елде орналасқан.

ERG мыс балқыту зауыты, Chambishi Metals PLC ірі мыс өндіруші Замбиядағы және әлемдегі жетекші кәсіпорын болып табылады. Сондай-ақ, көмір, марганец, платина, боксит және флюорит шығаруда түрлі елдерде Африка континентінің қоса алғанда, Оңтүстік Африка республикасы, Зимбабве, Мали және Мозамбикте жобалары бар компания.

Бразилиядағы ERG өндіру кешені, темір кені, жылына 20 млн тонна қуаты дамытуды Pedra de Ferro жобасында жалғастыруда.

Қатысты Мақалалар