Үкімет отырысында Елбасы Н. Назарбаев Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа "Қызметіне толық сәйкес емес" деген ескерту беріп, орынбасары Қайырбек Өскенбаевті лауазымынан босататынын айтты. Елбасының сөзін бөлген Ерболат Досаев Елбасыдан өзін де отставкаға жіберуін сұрады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
"Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің қазір қабылдаған шешіміңізді ескере отырып, қабылданған Жер кодексі" қажет және өзекті, әлемдік тәжірибеге сай келеді деп санаймын. Қоғамда болып жатқан талқылаулар мен қалыптасқан жағдайға байланысты менің Ұлттық экономика министрі лауазымынан отставкамды қабылдауыңызды сұраймын", - деді Е. Досаев. Сондай-ақ, ол өзіне сенім білдірген Елбасы мен бірге қызмет еткен Үкімет мүшелеріне алғыс білдірді.
Пікір қалдыру