Ләйлә Сұлтанқызы: Қыздардың арманындағы жігіт жоқ, нағыз жігітті қолдан жасап алу керек

/uploads/thumbnail/20170709042235824_small.jpg

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы махаббатын жолықтыра алмай жүрген қыздарға кеңес берді, - деп хабарлайды Qamshy.kz Massaget.kz - ке сілтеме жасап.

"Нағыз қазақ жігітінің қандай болуы керек екенін әрбір қазақ қызы қалыптасып қалған стереотиптермен сипаттағысы келетін шығар. Бірақ мен одан бас тартқым келеді. Тура арманыңдағыдай жігіт еш уақытта жолықпайтынымен немесе сенің ойыңнан толықтай шығатын адамның кездеспейтінімен келісуіміз керек.  Батырлар жырындағы жігіттердің сипатын, бейнесін қазіргі жігіттерден таба қоймаспыз.  Бұл сөзіммен қазіргі жігіттердің бәрі жаман дегім келмейді. Жігіттің жамандығын жасырып, жақсылығын асыру біздің – арулардың қолында. Сондықтан, нағыз қазақ жігітін қолдан жасап алу тек қана қыздарымыздың мойнында екенін естен шығармауымыз керек деген пікірдемін", - деді тележүргізуші.

"Өз үйімде асхананың ханшайымымын" деген Ләйлә Сұлтанқызы өзге елдердің ас мәзіріндегі тағамдарын ерекше дайындайтынын айтады. Тележүргізушіге кәріс, үнді, италиялық асханалар ұнайды екен.

Қатысты Мақалалар