2016 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йорк халқы әйгілі террорлық оқиға құрбандарын еске алып жатқанда АҚШ Президентігінен үміткер Хиллари Клинтон есінен танып құлай жаздаған. 68 жастағы әйелді автокөлікке салып ауруханаға алып кеткені туралы кадрлар дүниежүзіне таралды. Жұрт күн астында тұрғанда ыстығы көтерілген шығар десті. Кейіннен Клинтонның пневмониямен ауыратыны белгілі болды.
"Жөтелсем, бұл Трампқа деген аллергия" деп әзілдейтін Клинтон сайлау алды науқанында басты қарсыласынан қалысар емес. Иә, егер Клинтонның денсаулығы нашарласа Демократиялық партия басқа үміткерді ұсынады. Сарапшылар Клинтонның орнын басатын бірден бір үміткер қазіргі вице президент Джо Байден деп топшылауда. Алайда Клинтон науқандағы өз орнын өзгеге босатып беретін адамға ұқсамайды. "Менде бәрі жақсы" деп сәлем жолдаған ол сайлау алды науқанға қайта оралатынын да айтты.
Клинтонның денсаулығы көпшілік алдында бұған дейін де сыр берген. 2009 жылы кенеттен құлап, шынтағын жараласа, 2012 жылы ішек тұмауынан талып қалған. Нәтижесінде миы шайқалған. Кейбір ақпарат көздері осы құлаудан кейін миы қатты зақымдалған Клинтон ерекше көзілдірік кие бастаған. Өйткені көз алды бұлдырап, басы айнала беретін көрінеді. Кейбір сарапшылар Клинтонның 2008 жылығы саяси додада жүйкесі жұқарып, денсаулығы содан сыр берді деген пікірде.
Ал Трамп болса, жақтастарына әлеуметтік желілер арқылы ауырып жатқан Клинтонның сырқатына қатысты қандай бір пікір білдіруге тиым салды.
Дана Қамшыбек
Пікір қалдыру