Түрікменстанның мәңгілік Президенті Гурбангулы Бердымухамедовтың мұрагері кім?

/uploads/thumbnail/20170709070218366_small.jpg

 

Гурбангулы Бердымухамедов елдің негізгі заңына екі өзгерту енгізу арқылы Президент тағында мәңгілік отыруға мүмкіндік алды. Жуырда Түрікменстанда жаңа Ата заң күшіне енді. Соған сай қазіргі ел басшысы Гурбангулы Бердымухамедов халқын мәңгілік басқаратын болды. Соңғы рет бұл елде Президент сайлауы 2012 жылы өткен. Ал келесі сайлау 2017 жылға жоспарланған. 

Бұған дейінгі заң бойынша ел Президенті болып жасы 70-ке толмаған адам сайлана алатын. Бердымухамедов жасқа шектеуді алып тастады. Оның жасы қазір 59-да. Заңға енгізілген екінші өзгеріс Президент өкілеттігін бес жылдан жеті жылға ұзарту.  

Бұл өзгертуді Түрікменстан Парламенті бір ауыздан қабылдады. Дауыс беру Президенттің қарамағындағы Ақсақалдар кеңесінде өткен. Осы отырыста Бердымухамедов заңға қол қойды. 

"Рабио Свобода"-ға сенсек, Түрікменстан басшысының 12 жасар немересін мұрагерлікке дайындап жатқаны туралы ақпараттар тараған көрінеді. Foreign Policy журналы Түрікменстан Президентін жаһандағы ең нашар 23 диктатордың тізімінде бесінші орынға қойған. 

Аталмыш ақпарат көзі Гурбангулы Бердымухамедовтың соңғы жүз жылда болмаған билеуші династия құруды ұйғарғанын жазады. Оның 12 жасар немересі Керимгулы жұрттың назарына іліккен жасөспірім. Былтыр Ашхабадта Ахалтеке сәйгүліктерінің бәйгесі болыпты. Осы жарыста Керимгулы Бердымухамедов бәрін басып озып, мәреге 1 минуту 18,4 секундта жетіп, жұртты таң қалдырыпты.  Бәйге аяқталғанда әуеде ұшақтар қалықтаған. Керимгулының атасының өзі бос уақытын ат спортына арнайды екен.  

Бұл бала соңғы үш-төрт жылда ел басшысымен бірге алқалы жиындарға қатысып, тіпті сайлау учаскелеріне де барады. "Хроника Туркменистана" интернет басылымының бас редакторы Фарид Тухбатуллинның айтуынша, Бердымухамедовтың Сердар есімді бір ұлы мен екі қызы бар. Керимгулы Бердымухамедов — Президенттің бес немересінің үлкені. 

Дана Қамшыбек

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар