«Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев Гонконгтың қаржы министрі Джон Цанг бастаған Гонконгтың бизнес делегациясымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.
Кездесуде өзара ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары, сондай-ақ бірлескен жобаларға инвестициялар мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ мен Азия инвестициялық-қаржылық тобы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум инфрақұрылымдық, көліктік жобаларға және «Нұрлы жол» мен «Бір белдеу – бір жол» мемлекеттік бағдарламалары шеңберіндегі логистикалық қызмет көрсету саласындағы жобаларға 1 млрд АҚШ долларына дейін бірлесіп инвестициялау мүмкіндіктерін көздейді.