Он бір дегеніміз — он бір ортақ:
1. Босанған әйелге сойылған қалжа ортақ.
2. Батырға оралған олжа ортақ.
3.Шебердің қолы ортақ.
4.Шешеннің тілі ортақ.
5.Бөлінбес ақыл ортақ.
5.Тауып айтқан нақыл ортақ.
6.Тайқазанға асқан ас ортақ.
7.Ақылы бар бас ортақ.
8.Тірлікке бірлік ортақ.
9.Ағынды су ортақ.
10.Қасиетті қазы ортақ.
Он бірден қорқу:
1.Алладан қорқу.
2.Күнә жасаудан қорқу.
3.Қарыз арқалаудан қорқу.
4.Парызды өтемеуден қорқу.
5.Ғайбат айтудан қорқу.
6.Жетім ақысынан қорқу.
7.Жесірдің желігінен қорқу.
8.Аманатқа қиянатган қорқу.
9.Атаға қарсы келуден қорқу.
10.Ананың бетінен алудан қорқу.
11. Шайтанның аздыруынан қорқу.
Он бір нәрсеге батырлық жоқ:
1.Сөзге батырлық жүрмейді.
2.Ағын суға батырлық жүрмейді.
3.Асты асыра ішуге батырлық жүрмейді.
4.Білмес іске батырльіқ жүрмейді.
5.Суыққа батырлық жүрмейді.
6.Қазаға батырлық жүрмейді.
7.Дауға батырлық жүрмейді.
8.Туытқа (босануға) батырлық жүрмейді.
9.Кепке батырлық жүрмейді.
10.Жоққа батырлық жүрмейді.
11.Өртке батырлық жүрмейді.
Он бір санамак:
1.Бір дегенім – білеу.
2.Екі дегенім — егеу.
3.Үш дегенім — үскі
4.Төрт дегенім — төсек.
5.Бес дегенім — Бесік.
6.Алты дегенім — асық.
7.Жеті дегенім — желке.
8.Сегіз дегенім — серке.
9.Тоғыз дегенім — торқа.
10.Он дегенім — оймақ.
11.Он бір — қара жұмбақ.