Жанарбек Ақыбиұлы

/uploads/thumbnail/20170708150639706_small.jpg

Жанарбек Ақыбиұлы 1974 жылы қаңтардың 11 жұлдызында Баян-Өлгейдің  Сақсай сұмынында туылған. 1990 жылдардан бастап альпинизммен шұғылданады. Моңғол еліндегі барлық Мұзарт шыңдарға өрмелеген. 1996-2000 жылдары Ұлан-Батырдағы ЖОО-да «Жаттықтырушы және денешынықтыру пәнінің ұстазы» мамандығын игеріп шыққан .

Қазір Өлгей қаласында жас буындарға  сабақ беріп, спортқа баулып жүр.

 Жанарбек Ақыбиұлы – Кавказ, Тянь-Шань, Алтай тау жоталарының асқаралы шыңдарын бағындырған халықаралық дәрежедегі кәсіби тау спортшысы. Ол Баян-Өлгей аймағындағы балбал тастар орналасқан жерлерді жетік біледі. Сондай-ақ одан да ертеректегі бұғы, сым  тастар  және 3000 жылдық тарихы бар тастағы жазу-сызулар да оған етене таныс. Сондықтан Моңғол еліне келіп, бабалар  мұрасын зерттеп  жүрген  ғалым, студенттер, әуесқой тарихшылар мен журналистер тобы Жанарбек Ақыбиұлын жақсы таниды. Жанарбек қазір Моңғол еліне әлемнің 30-ға  тарта мемлекетінен жиылған альпинистер экспедициясын басқарып,  Алтай шыңдарын бағындырып жүр.

 Ол Моңғолия үкіметінің жоғарғы сыйлығы «Еңбекке құрмет» медалінің иегері және  Моңғолия халықаралық  Олимпиада комитетінің, Спорт, Білім министрінің әртүрлі сыйлықтарымен марапатталған. Баян-Өлгей аймағының, Өлгей қаласының, сондай-ақ әртүрлі жастар ұйымдарының «ең таңдаулы спортшысы» атағының бірнеше мәрте иегері.

[gallery link="file" order="DESC"]

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар