БАБР порталының редакторы Қазақстандағы орыстардың өмірі жайлы өз ойымен бөліседі, мақаланың қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.
«2016 жылдың күзінде Қазақстанға барып қайттым. Қалаларды аралап, адамдармен тілдесіп көріп, нәтижесінде бұл елдің басым көпшілігі орыс тілінде сөйлейтініне көзім жетті.
Сөз жүзінде бәрі керемет. Орыс тілі – елдегі екінші мемлекеттік тіл. Барлық жарнамалар, жол жүру белгілері және т.б. барлығы да орыс тілінде. Орыс тілді БАҚ, телеарналар, интернет-портал мен онлайн қызметтер бар.
Қазақстан Солтүстік және Оңтүстік деп бөлінеді. Солтүстігінде толыққанды орысшаланған халық тұрады, олар Оңтүстік тұрғындарынан сыртқы келбеті жағынан да айырмашылықтары бар, - деп жазады ресейлік журналист.
«Бір жергілікті полковниктің айтуынша, жиырма жыл бұрын Қазақстан билігінде, негізінен орыстар отыратын, ол кезде орысша білмей, тек қазақша сөйлеген адамның болашағы жоқ сияқты көрінетін. Ал, қазір бәрі де керісінше екен. Егер, ол жақта қазақ тілін де, орыс тілін де қатар меңгерген болсаң, мүмкіндігің көп болады екен де, тек орыс тілінде сөйлейтін болсаң, көп проблемаға тап болады екенсің», - деп орыс тіліне қатысты өз ойын жазады. Дегенмен, редактор-журналистің бұл ойымен келісуге болмайтын секілді. Еліміздегі ащы шындықтардың бірі – орыс тілінің бүкіл жерде талап етіліп, орыс тілді қызметкерлердің көптеп кездесуі.
«Бір жағынан бұл қалыпты процесс: кеңестік кезеңдегі орыс тілді адамдар сахнадан кетіп, ұлттық тәрбие алған ұрпақ өсіп келеді. Олар үшін орыс тілін меңгеру – өз қалауларымен жүзеге асыратын іс, ешкім де оларды қыстамайды. Табысты болу үшін ағылшын тілін меңгеру орыс тілінен де м маңызды болып тұр.
Бұл аксиома тек Қазақстан үшін ғана емес, Беларусия, Украина елдерінде де шындыққа айналуда. Ресей КСРО құрамынан шыққан мемлекеттерде мәдени және экономикалық дәрежесін жоғалта бастады. Біз әлі күнге дейін Қырғызстан мен Тәжікстан секілді кедей елдерде ғана мәртебемізді жойған жоқпыз, алайда Қазақстан мен Әзірбайжан секілді бай мемлекеттерге қатысты бұлай айтуға болмайды», - дейді журналист.
Ресейлік редактордың айтып отырғандары шындыққа жанасқанымен, орыс тілінде сөйлейтіндерді тіл тұрғысынан қысымға алып жат ыр дегені мүлдем дұрыс емес.
«Қазақ тілді халық өз күшіне енгеніне біраз болды. Сол себептен де, біраз тірліктерде қиындық туғызып жатыр. Мысалы, қазақ тілін білмей мемлекеттік қызметке тұру мүмкін емес. Орыс тілінде жазылған көптеген заңнамалық актілерді жаттауға болмайды, олардың қазақша нұсқасын орыс тіліне аударуға көбісі бас тартады. Сонымен қатар, кәсіпкерлер де осы сынды қиындықтарға тап болып жатады, олар тек қазақ тілінде жүретін келіссөздерді жүргізіп, мәміле орнату үшін қазақ тілді аудармашы жалдауға мәжбүр.
Елде орыс тілінде сөйлейтіндерге көпшілігі есіктерін жауып қойды. Халықтың санасы қазақ тілін білмейтіндер өмір сүре алмайды деген түсінікке ауысып жатыр.
Бұл жағдайда тек екі түрлі жол ғана қалады: қазақ тілін үйрену керек немесе Ресейге кету керек», - деген редактордың сөздерімен қаншалықты келісуге болады. Әлде, оның көзіне еліміздегі қазақ тілінің мәртебесі дәл осылай көрінді ме?..
Мақаласының соңында редактор былай деп жазады:
«20-30 жылдан кейін Қазақстаннан «орыс тілдің мәселесі» толығымен жойылатынына сенемін. Қазақстан өз жолымен кетіп барады.
Қазақстандағы орыстарға айтар кеңесім: қазақ тілін үйреніңдер немесе Ресейге кетіңдер!» - деп ұран тастады.
Аударған: Назерке Лабихан