Бұған дейін Димаш Құдайбергеновтың Қытайда өтіп жатқан «I am a singer» жобасына қатысып жатқанын хабарлағанбыз. Димаш 16 кезеңнен тұратын өнер додасының екінші кезеңінде Витастың әнін орындап бірінші орын алды. Аз уақыттың ішінде Қытайдың қалың жұртшылығына кеңінен танылып, өз тыңдармандарын тауып үлгерген Димаш, жергілікті телеарналарға сұхбат беріп, Қытай сыншыларының жоғары бағасына ие болған.
,