Сұмдық! Мәйітхана қызметкерлері өлі адамның денесін жерлеу кезінде алып кеткен (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709211521898_small.jpg

Ганада мәйітхана қызметкерлері өз қызметіне ақша алмағаны үшін жерлейіндеп жатқан жерінен қайтыс болған ер адамның денесін алып кеткен деп хабарлайды Daily Mail.

Гана астанасы Аккреде болған оқиға видеоға түсіп қалған. Мәйітхананың екі қызметкері жерлеу кезінде зиратқа барып, адамдардың қарсылығына қарамастан табыттан ер адамның денесін алып шығып, өздерімен бірге алып кеткен.

Екі қызметкердің мұндай әрекетіне мәйітхана қызметі үшін 150 гандық седиді ($35) төлемегені себеп болған.

Қайтыс болған ер адамның туыстары мәселені шешіп, жерлеу рәсімін ойдағыдай өткізе алды ма әлде жоқ па белгісіз.

Бұған дейін АҚШ тұрғыны мәйітханадан өлі адамның денесі салынған көлікті айдап кеткен. Өлі адамның денесін көргеннен кейін көлікті қайтарып беріп, дәл сол уақытта басқа көлікті ұрлауға әрекет жасамақ болған. Алайда адамдар дер кезінде оны ұстап, полицияға өткізді.

 

Қатысты Мақалалар