Джин Хейли мен Марта Уильямс өздерінің 89-жасар сіңілдерінің үйінде кездескен деп хабарлайды qamshy.kz today.kz-ке сілтеме жасап. Кездесуден соң, оларды үйіне апарып тастаған да, қайтып кеткен.
Полиция деректеріне сүйенсек, Марта автокөлігіне бара жатқан жолда тайып құлаған, сол уақытта екінші сығары Джин полицияға хабарламақ болып үйдегі көлікжайға кірген. Қатты асыққаннан болар көлікжайдағы кілемге аяғы оралып ол да құлаған. Екі әйел суықтан жаурап қайтыс болыпты. Сол түні Барингтонда температура -9 градусқа дейін төмендеген. Олардың мәйітін көршілері тауып алған.