Роналд Бинкофски Microsoft-тың Қазақстан және ТМД аймағындағы бас директоры болып тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170709222834217_small.jpg

Microsoft корпорациясы 1 сәуірден бастап Роналд Бинкофскидің Қазақстандағы Microsoft бас директоры, сондай-ақ, ТМД-дағы өңірлік кеңсенің басшысы болып тағайындалатыны жөнінде хабарлайды. Роналд соңғы бір жыл бойы осы лауазымды атқарып келген Константин Назаровтың орнына келмек.

Роналд Қазақстан, Армения, Беларусь, Моңғолия, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Өзбекстан секілді 9 ел кіретін ТМД аймағындағы бизнесті дамытуға жауап беретін болады.

Осы лауазымға дейін Роналд 4 жыл бойы Польшадағы Microsoft кеңсесін, ал оның алдында 2,5 жыл бойы Румыниядағы кеңсені басқарып келген.

«Бүгінгі және келешектегі даму әлеуеті зор осы аймақтың, елдің бір бөлшегіне айналып отырғаныма аса қуаныштымын. Бүкіл бизнес салалары мен жалпы өмірдің сандық өзгерістерге ұшыраған дәуірінде біз клиенттеріміз бен серіктестерімізге адал қызмет етіп, оларға технологияларды ендіріп, дамуға көмектесуді командаммен бірге жалғастырмақпыз», - деп атап өтті Роналд мырза.

Роналд Microsoft-та 10 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келеді, осы уақыт ішінде бизнесті басқару, сатылым, маркетинг, операциялық басқару және өзгерістерді басқару ісінде кең тәжірибе жинақтап үлгерген. Ол Software AG компаниясында Орталық және Шығыс Еуропадағы аймақтық менеджер болып мансабын бастаған, осыған дейін өз бизнесін басқарып келген.

Роналд Польшаның Краков қаласындағы Ягелон университетінде қолданбалы математика факультетін, сондай-ақ, INSEAD бизнес мектебінде Advanced Management бағдарламасын тәмамдаған. Сондай-ақ, ол Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Гете атындағы университетте орыс тілін оқыған.

Microsoft корпорациясы туралы

Microsoft Қазақстан

1975 жылы негізі қаланған  Microsoft корпорациясы бағдарламалық жабдықтаманы өндіру, сондай-ақ, адамдарға өз әлеуетін жүзеге асыруға көмектесетін қызметтер мен шешімдерді ұсыну саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады.

Microsoft корпорациясы бүкіл әлемдегі корпоративтік және жеке қолданушыларға өз жұмысы мен үйінде жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуге жағдай жасайтын құрылғылар мен қызметтердің кең түрлерін әзірлеп шығарады. Корпорацияның шығаратын құрылғылары мен қызметтері арасында үстелдік және желілік операциялық жүйелер, клиент-серверлік орталарға арналған серверлік қосымшалар, қолданушыларға арналған үстелдік бизнес және кеңсе қосымшалары, интерактивтік бағдарламалар мен ойындар, интернет желісінде жұмыс жасауға арналған құрылғылар мен бағдарлама жасап шығаруға арналған құралдар бар. Сондай-ақ,  Microsoft интерактивтік (online) қызметтерді ұсынумен, компьютер тақырыбымен байланысты кітаптарды шығарумен, компьютерлерге арналған перифериялық жабдықты өндірумен, зерттеу қызметімен және жаңа компьютерлік технологияларды жасап шығаруымен айналысады.  Microsoft әлемнің 190-нан аса елінде қызмет жүргізуде.  Microsoft өнімдері 45-тен аса тілге аударылған және де дербес компьютерлердің көпшілігімен үйлесе жұмыс жасай алады.

Қатысты Мақалалар