«Өмірде жақсы адамдар көп. Және олар жанымызда жүр»

/uploads/thumbnail/20170709230743069_small.jpg

Қас қарайып қалған. Қаладан қайтып келе жатырмын. Бір кезде көліктің алдынан бу шығып жатқан сияқты. Бағдаршамға тоқтаған сайын, жарықпен шағылысады. Жолдың жиегіне тоқтадым. Білетін адам құсап капотын ашып көрдім. Антифриз құятын жерден будақтап бу атқылап жатыр. "Енді кімді шақырам, кімге хабарлассам екен" деп тұрғанымда бір көлік тоқтады да, "қарындас, көмек керек пе?" деп айқайлады ішінен бір аға. 
"Иә"
Келіп көрді. "Бұрайтын неңіз бар?"
"Ештеңе жоқ"
Басын шайқады. Обшым, шлангының аузы сәл жыртылған. Көлік жүрген кезде одан май ағып, екі-үш күн бұрын құйған антифриз таусылған. Сосын қайнап кеткен. 
Аға айтты. "Тұрлан экспедициясында" тұрамын. Үйге барып, қажетті заттарымды ап келейін. Күте алсаңыз, 15-20 минут күтіңіз" деп.
Менде басқа амал жоқ еді. Әлі алда 25 шақырымдай жол жатыр. Бірақ айттым. "Қалтамда екі мың теңге бар еді. Қазір оған май алсам, сізге беретін ақшам болмай қалады" деп. 
"Мен үшін сіздің ақшаңыз маңызды емес, үйіңізге аман-есен жеткеніңіз маңызды" деді ана аға. 
Тұп-тура 20 минут күттім. Ой жүйрік ғой бәрібір, айдаладағы біреу үшін сонша жерге барып келе ме, келмей ме деп. 
Жоқ, келді, асай-мүсейлерін арқалап. Сөйтсем ол аға көліктің тілін бес саусағындай білетін, маторды шашып-жинайтын кісі екен. Бес-он минуттың ішінде жөндеп, ауыстырып берді. Риза болдым сондай. Кейін телефон нөмеріңізге бірлік салып жіберем десем, айтпайды. Сосын "тағы бір жерде осылай тоқтап қалсам, көмегіңіз керек боп қалар" деп жүріп жазып алдым. Ол аға мен қашан ұзап кеткенше көлігіне мінбей қарап тұрды. Іштей Алладан "ұл-қызының қызығын көрсін, ұзақ жасасын" деп дұға еттім. Өмірде жақсы адамдар көп. Және олар жанымызда жүр.

Әйгерім Бегімбеттің фейсбук парақшасынан

Қатысты Мақалалар