Ұят! 40 жылдық тарихы бар «Тамаша» құрыды, тек қана копия!

/uploads/thumbnail/20170709230753976_small.jpg

40 жылдай тарихы бар, қазақ қалжың өнерінің қара шаңырағы, қазақтың сахнасында күні бүгінге дейін атынан ат үркетін өнер майталмандары жалпақ әлемге танылған «Тамаша» енді бірде «Тамаша 7км», бірде «Тамаша Сити» болып, «болмасаң да ұқсап бақ, бір ЖАМАНДЫ көрсеңіз» дертіне шалдығыпты. Ресейдің арналарында өтетін бәдік - шоулардың көшірмесі болды. Өзінің сара жолы бар емес пе еді? Өзінің айтар түйеден түскендей түйінді сөзі бар емес пе еді. Енді соның бірі де жоқ. Арасында «Әп, бәрекелді!» дей бастасаң артынан көңілің қалатын шала ойын, бәлдір батпақ шымшыма шолтаң ете қалады. Өз жолынан тайқып, өзгенікін көшіретін жолға түскеніне не себеп? «Тамаша» іздену жолында» - дейтін шығарсыздар бәлкім. Ізденетіндей кеше ашылған хабар болсаңдар бір сәрі ғой. 40-жыл болған «Тамаша» емес пе еді?! 
Бір-екеуін көзім шалып қалды. Таныстардан сұрасам, «Көргеміз жоқ, қалай екен?» - дейді. Демек, көруші ынтықпайтын дүниені бастағансыздар. Қоя қойыңыздар! Ресейдің шоуларын жаман демеймін. Керемет! Бірақ ол өздері үшін! Қазақ үшін емес. Бізден көргенін істепті деп Сіздерді әуелетіп, аспандатып, атақтарыңызға атақ қосып, Ресейдегі 250 миллион көрермен Сіздерге ауып кетсе қуанар едім. Бірақ ол болмайды! Тыраштанбай-ақ қойыңыздар! Қазақ көретін, Астана мен Алматыдағы шала қазақ емес, елдегі қазақ көретін «Тамаша» құрыды! Ал, копия ретінде жақсы шығарсыздар, бірақ, тек қана КОПИЯ ғана! Ұят!

Фейсбук қолданушысы Мейірхат Мәдениеттің парақшасынан алынған жазба

Қатысты Мақалалар