Аяғы ауыр сәнбике фотосессия кезінде қайғылы жағдайға тап болды

/uploads/thumbnail/20170709231553358_small.jpg

Аяғы ауыр 19 жасар сәнбике темір жол бойында фотосессия жасап жатып қаза тапқан деп хабарлайды «Қамшы» порталы  Life.ru-ға сілтеме жасап.

Оқиға Техас штатында, Навасота қаласында орын алған. Поез жақындаған уақытында 19 жасар Фредзания Топмсон рельске аяғы қысылып қалған. Фотограф зардап шекпеген. Оқиға орын алған кездегі поезд жылдамдығы белгсіз, алайда ол тоқтау үшін жоқ дегенде жарты шақырым қажет болған. Сондықтан қыздың тірі қалуы екіталай еді.

Қаза тапқан қыздың анасы оның Блинн Брайан колледжінде оқығандығын, алайда ары қарай оқуын жалғастыруды қаламағанын айтты. Сінбике болуды армандаған марқұм қыз жақында 20-ға толуы керек еді.

Ал қыздың інілері мен туыстары қыздың сұлулығына әрдайым тамсанғандықтарын жеткізген.

Томпсонның некелесуді жоспарлаған ер азаматы болғандығы белгілі болды. Екі жұп балалы болатындарын жақын ғана білген. Фредзания Топмсон  4 айлық жүктілік кезінде қаза тапқан.

Қатысты Мақалалар