Америкалық хакерлер Чехия президенті Милош Земанның компьютерін бұзып, балалар порносының видеосын салып қойған. Бұл жайында Чехия президенті Frekvence-1 порталына берген сұхбатында мәлімдеген, деп хабарлайды vesti.ru, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.
Милош Земанның айтуынша, белгісіз біреулер оның жеке компьютеріне еніп, ішіне балалар порнографиясын жүктеп қойған. Жүктелген файлдарды өшірмес бұрын ол IT-мамандарын шақыртып, компьютерді кімнің бұзып кіргенін анықтаған.
Нәтижесінде, президенттің компьютерін АҚШ-тың Алабама штатындағы хакерлердің бұзып кіргені белгілі болды. Алайда, бұл іске қатысты ешкімді де жауапқа тартпаған.