Ғаламторда "Шымкент" деген атаумен видео жарияланды. Онда кимешек киген әйел мен қазақтың шапанын жапқан ер адамның ерсі биін көресіз. Оқиға балабақшада Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік шарада болуы мүмкін. Қазақтың ұлттық киімін киіп шетелдің әніне балалардың көзінше билегені халықтың жағасын ұстатты. Балабақша - буыны қатпаған, өмірге тәй-тәй басып келе жатқан, көргенін айна қатесіз қайталап, көңілінен тоқып алатын балаларды тәрбиелейтін орда екенін ескерсек, онда мұндай қылық көрсету ұят. Әдетте мерекелік іс-шараларда балалар мен қоса тәрбиешілер өнер көрсететіні анық. Егер видеодағы оқиға балабақшада және ерсі биімен көзге түскен қазақтың "әжесі" мен "атасы" тәрбиеші болса балаларға қандай тәрбие береді деген заңды сұрақ туындайды.