Үндістанда су тасқынының салдарынан 182 адам қайтыс болған

/uploads/thumbnail/20170727094106163_small.jpg

Жаз басталғалы Үндістанда су тасқынынан 182 адам көз жұмған. Табиғи апаттан елдің батысындағы Гуджарат штаты аса қатты жапа шеккен. Марқұмдардың көбі – осы штаттың тұрғыны. Мұнда 36 мың адам эвакуацияланып, уақытша орталықтарды паналауға мәжбүр. Негізі елдің біраз ауданын топан су басуына толассыз жауған жаңбыр себеп болған. Осы ретте Үндістан Премьер-министрі бұл өңірлерге 77 миллион АҚШ доллары бөлінетінін айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп.

Сондай-ақ құрбандардың жақындары мен жапа шеккендерге өтемақы төленетінін де мәлімдеді. Айта кеткен жөн, былтыр Үндістанда табиғи апаттар мен ауа райының қолайсыздығынан 1 мың 600 адамның ажалы жеткен. Марқұмдардың көбі аптап ыстықтан көз жұмған. Сондай-ақ топан су мен найзағайдан бақилық болғандар аз емес.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар