Түркияда туристер автобусы өртенді

/uploads/thumbnail/20170731094938457_small.jpg

Түркияның Мугла провинциясында туристік автобус отқа оранды. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де Фетхие-Мугла тас жолының 80 шақырымында болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. Автобуста жүргізуші, автобус қызметкері және 45 жолаушы болған.

Автобус қызметкерлері жолаушылар мен олардың заттарын көліктен дер кезінде шығарып, өрт сөндірушілерді шақырған. Туристер оқиға орнына келген басқа автобуспен Бодрумда жіберілді.


Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар