Маркестің архиві сатылды

/uploads/thumbnail/20170708160041364_small.jpg

Әйгілі жазушы, Нобель сыйлығының иегері «Жүз жылдық жалғыздық» романының авторы Габриел Гарсиа Маркестің жеке мұрағаты сатылды. Сатып алушы АҚШ-тың Техас университеті. Бұл туралы «Руская служба ВВС» хабарлайды.

Колумбияның мәдениет министрі Мария Гассес бұл келісім шарттың бір ұлттың, тұтас мемлекеттің руханиятына «немқұрайлылықпен» қарау деп, сатылымға өз наразылығын білдіріпті. Осыған сәйкес келісім шартқа отырған туыстары биліктің ешқашанда Маркестің қолжазбаларына мемлекеттік құндылық ретінде қарамағанын туралы айтып отыр.

Сатылым мұрағатында Маркеске Нобель сыйлығын алып берген «Жүз жылдық жалғыздық» романымен тағы да басқа кітаптарының қолжазбасы болған. 2000-дай хаттардың ішінде Грэм Гринмен Карлос Фуэнтеспен хат аралық диалогтары, Нобель сыйлығын алғандағы сөйлеген сөзінің мәтіні мен жазу машинкасы, компьютері, шимайлары, 40-қа жуық фото альбомдары болған. Бұл мұрағат жазушының 50-жылдық шығармашылық ғұмырын қамтиды екен.

Естеріңізге сала кетейік, Габриель Маркес осы жылдың, сәуір айында 86 жасқа қараған шағында дүниеден озған болатын.

Орынбасар Бақытбек

Қатысты Мақалалар