Қазақстан мен Ресей жазушыларының басқосуы өтеді

/uploads/thumbnail/20170708160042062_small.jpg

Қараша айының 25-26 күндері Мәскеу қаласында Қазақстан мен Ресей жазушыларының басқосу салтанаты өтпек. Бұл Совет одағы ыдырағаннан бергі қос ел қаламгерлерінің алғашқы ресми басқосуы болмақ. Екі күнге жоспарланған шараға Қазақстанның атынан Роллан Сейсенбаев, Олжас Сүлейменов, Нұрлан Оразалин, Анатолий Ким, Бақытжан Қанапиянов және басқа да жазушылар қатысады деп күтілуде.

Кездесу мақсаты әдебиеттегі жаңашыл бағыттарды жетілдіру мен қазіргі заманғы әдебиетпен ұштастыра білу, қос елдің шығармашылық байланысын қалпына келтіру болып табылады.

Шара «дөңгелек үстел» түрінде өтпек. Онда талқыланар тақырыптар: «ХХІ ғасырдағы Еуразия аумағындағы көркем-әдеби процесс» және «Еуразиялық әдеби ауқым. Басты қадамдар» болмақ.

Орынбасар Бақытбек

Қатысты Мақалалар