Венесуэлада Испания елшілігіне шабуыл жасалды. Бұл туралы Вэнесуэла прокуратурасы Twitter парақшасында жариялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Мәліметтерге сүйенсек, шабуылдан жапа шеккендер жоқ.
Венесуэлада сәйір айынан бері тәртіпсіздіктер орын алып, 100-ге тарта адам зардап шекті. Бұл жағдай ел президенті Николас Мадуро мен оппозициялық топ арасындағы сайлаудан кейін басталған қақтығыс негізінде орын алуда. Даудың басталуына елде орын алып жатқан экономикалық дағдарыс әсер етті. Басты экспортталатын өнім – әлемдік мұнай бағасының түсуі де өз зиянын келтіріп отыр.