Жапонияда әлемдегі ең ірі балық базары өртенді

/uploads/thumbnail/20170804150620714_small.jpg

Токиодағы Цукидзи деп аталатын әлемдегі ең ірі балық базарының бірі өртенді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі rosbalt.ru-ға сілтеме беріп.

Мұнда 200 шаршы метр аумақты жалын шарпып, төрт қойманы күлге айналдырған. Оқиға орнына дер кезінде құтқарушылар барлық саудагерлер мен тұтынушыларды эвакуациялап үлгерді. Зардап шеккендер жоқ.

Айта кету керек, Цукидзи базарына күн сайын 42 мың адам келеді. Ал бір күндік сауда айналымының көлемі 14 жарым миллион долларды құрайды.


Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар