АҚШ-та Барак Обаманың туған күні мереке болып тойланады. Мейрам 2018 жылдан бастап экс-президенттің туған күнінде тойланатын болады. АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Иллинойс штатында мемлекеттік мерекенің меншікті иесі болу құрметіне ие болды. Обама бұл жерде бір кездері сенатор қызметін атқарған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі THE Hill мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
6 тамыз күні аталмыш құжатқа губернатор Брюс Раунер қол қойды. Енді Барак Обаманың туған күні жыл сайын тойланатын болады.
Раунердің айтуынша, 4 тамыз ресми түрде демалыс болып жарияланады.
Сонымен қатар, "Бұл мерекенің мемлекеттік деп жариялануын – экс-президенттің елге сіңірген ерен еңбегінің ескерілуі", – деп түсіндірді губернатор.
Айта кетсек, Обама биыл өзінің 56 жасқа толуын тойлады.
Пікір қалдыру