Қазкоммерцбанк клиенттері 18 тамыздан бастап, өзінің төлем карталарын cash-in қызметі бар Halyk Bank банкоматтарынан теңгемен және АҚШ долларымен толықтыра алады. Осы операцияны орындау кезінде Qazkom картасын ұстаушылардан еш комиссия алынбайды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Казкоммерцбанк» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұндай қызмет 1 тамыздан бастап, Halyk Bank клиенттері үшін де Qazkom банкоматтарында қолжетімді болған. Енді екі банк клиенттері үшін Halyk+Qazkom банкоматтар желісінен карталық шотты толықтыруда еш айырмашылық жоқ.
Жуық арада бірыңғай банкоматтық желіде осы шарт бойынша аударымдарды орындау және картасыз шотты толықтыру қызметтері де қолжетімді болмақ.
2017 жылғы 1 шілдеге Halyk Bank-тің 559 банкоматында cash-in қызметі орнатылған, ал Qazkom-да қолма-қол ақшаны қабылдайтын 465 құрылғы бар. Qazkom+Halyk банкоматтардың біріктірілген желісінде Қазақстан бойынша 4659 банкомат бар, сонымен елдегі әр екінші банкомат Halyk+Qazkom желісіне тиесілі.
2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Qazkom-мен шығарылған төлем карталардың саны 2,6 млн. артық дананы құрайды екен.