Әлеуметтік желі арқылы Сирияға баруға үгіттеген ОҚО тұрғыны сотталды

/uploads/thumbnail/20170818190146168_small.jpg

ОҚО Сайрам аудандық соты 27 жастағы тұрғынды әлеуметтік желі арқылы азаматтарды Сирияға баруға үгіттегені үшін 5 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kazislam.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Судья Салтанат Қабылова сот барысында Әбілқасым Қажырхановтың ұялы телефон арқылы әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттағаны үшін сотталатынын айтты. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 256 бабы 2 бөлігімен «Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру» әрекеті бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаны өтеу мерзімі 2017 жылғы 20 сәуірге белгіленді.

Еске салайық, тергеу барысында айыпталушы ВКонтакте әлеуметтік желісіне тіркеліп, ұзақ уақыт экстремистік насихат жұмыстарын жүргізген. Ол қасиетті мұсылмандар соғысына қатысуға, экстремистік топтарға қолдау көрсетуге шақыратын материалдар салып отырыпты. Таяу Шығыс пен Сирияда жиһад жасауға үгіттеген. Оның әкесі де осындай заңға қайшы әрекеті үшін жазасын өтеуде екен.

Қатысты Мақалалар