АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстан жеріндегі Америка сарбаздарының санын арттыратынын мәлімдемек. Әскери қызметкерлердің саны шамамен 4 мыңды құрап отыр. АҚШ президенті 4 мың әскери қызметкердің жіберілуін дүйсенбі күні хабарлайтын болады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі CDS телеарнасының мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Сонымен қатар Трамп Ауғанстан мен Оңтүстік Кореядағы АҚШ-тың стратегиясы жайлы айтып бермек. Осы әрекеті арқылы террористерге қорған болып отырған Пәкістан билігі өз шешімінен бас тартады деп отыр.
Алайда АҚШ президенті дүйсенбіге дейін өз шешімін өзгертуі мүмкін.