Ресейдің Сургут қаласының Кристина Максимюк есімді тұрғыны Түркиядағы демалыстан кейін Мәскеудегі ауруханалардың бірінде көз жұмды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Интерфакс мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Кристина Максимюктің өлімі жайлы оның әпкесі Надежда Гуменюк хабарлаған.
Аланьядағы демалыс кезінде 34 жастағы Максимюк комаға түскен. Оны дереу Ресейге жеткізу керек болған. Жақындарының айтуы бойынша, оның жүрек талмасы ұстаған. Жағдайының нашар екені хабарланған.
17 тамыз күні Кристина Максимюк Мәскеуге жеткізілген. Ресейге жеткізудегі шығынды сақтандыру компаниясы өз мойындарына алған. Ал Мәскеудегі шығынды Юграның билігі төлеуді жоспарлаған.
Надежда Гуменюктің айтуы бойынша, Түркиядағы ауруханада науқасқа еш жағдай жасамаған.
Марқұмның туыстарының айтуы бойынша, ресейлік дәрігерлер ештеңе істей алмаған. Себебі Түркиялық дәрігерлер емдеу уақытын бос жіберіп алған.