Түркияның Измир провинциясында бомба жарылып, сегіз адам зардап шекті. Бұл туралы Лента.ру-ға сілтеме жасап Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Белгілі болғандай, бомба түрме автобусы жолында қоқыс контейнеріне жасырылған екен. Зардап шеккендердің біреуі ауыр жағдайда екені хабарланған. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр.
Пікір қалдыру