Арам тамақ беріп, сақал алдырды. Путин мұсылмандарға қатысты пікір білдірді

/uploads/thumbnail/20171101165110355_small.jpg

Ресей президенті Владимир Путин түрмеге қамалған мұсылмандар құқығының бұзылуына қатысты пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Бас бостандығынан айырылған ресейлік мұсылмандарға жасалып отырған заңсыздық туралы мемлекет басшысына Азаматтардың құқығы жөніндегі кеңестің  қызметкері Максим Шевченко айтып берді.

«Мен  түрмедегі ресейлік мұсылмандарға қатысты жасалған заңсыздықты еске сала кетейін. Ресейлік мұсылмандарға әдейі шошқа етінен тамақ беріп, ғибадат жасауына кедергі жасайды, сонымен бірге күштеп сақалын алып тастайды. Бұған қатысты көптеген дәлелдер бар», — деді Шевченко.

Өз кезегінде Путин бұл мәселені қараусыз қалдырмайтынын, тексеру жұмыстарын қадағалайтынын айтты.

«Бұл — тым шектен шығу. Бұл мәселені тез арада шешу керек. Міндетті түрде тексеру жұмыстарын қадағалайтын боламын», — деп мәлімдеді Путин.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар