Жапония үкіметі сәрсенбіде толық құрамда отставкаға кету туралы өтініш берді. Үкіметтің шұғыл отырысында оның мүшелері сәйкес өтінішті беріп, кейін оны премьер қабылдады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Үкіметтің отставкасы - парламенттің төменгі палатасы арнайы сессиясының басталуы алдындағы формалды қадам. Артынша елдің жаңа премьер-министрін сайлау үшін дауыс беру өтеді. Либералды-демократиялық партияның басшысы Синдзо Абэ үкіметті басқаруы мүмкін. Абэ сайланғаннан кейін үкіметтің жаңа құрамын жариялайды. Алайда ешқандай ауыс-түйіс болмайды деп күтілуде.
Пікір қалдыру