АҚШ президенті Дональд Трамп 31 қазанда болған Манхэттендегі террорлық шабуылға байланысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ президенті өзбекстандық 29 жастағы Сайфулло Саиповқа өлім жазасын қолдануды ұсынып отыр.
«Нью-Йорктегі террорист рахаттана ДАИШ туын өз палатасына іліп қоюын сұраған. Ол 8 адамды өлтірді. Және тағы 12 адам ауыр жараланды. Ол өлім жазасына кесілуі керек», - деді АҚШ президенті.
Ал Өзбекстанда Саиповтың анасы, әкесі және 17 жастағы қарындасы тергелуде. Дереккөздерге сүйенсек, тергеу Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің американдық қантөгісті тергеуге көмектесуге дайын екенін мәлімдегеннен кейін басталған.
Естеріңізге сала кетейік, өзбекстандық азамат 31 қазанда Нью-Йоркте жүк көлігімен жаяу адамдарды қағып өтіп, шабуыл жасаған болатын.
Қаза болғандар арасында 5 аргентиналық пен 1 бельгиялық азамат бар. Құқық қорғау органдары бұл шабуылды террористік шабуыл деп таныды.
Пікір қалдыру