Ақиқат

/uploads/thumbnail/20171225140952040_small.jpg

Ақиқат сені іздедім,
Көзінен мұңды әйелдің.
Қан-жоса басқан іздерің,
Перзентісің қай елдің?

Тумады сені жасық қып о,баста анаң ұлы өмір,
Келесің мәңгі ғашық қып, ақынның адал жүрегін.
Басыңа бақыт қонар ма,
Туада жалқы жетім ең,
Көрінер кезің болар ма?
Күнәлі жердің бетінен.
Қабырдың есігін қақтым мен,
Япыр-ау қандай батылмын.
Ақыры сені таптым мен,
Бейтінен өлген ақынның.

Орыныңды ал келіп төріңнен,
Жатқаның бұлай жарамас.
Ұялма шық тез көріңнен.
Кебінсіз тырдай жаңалаш.

Мұқаш Қожахметұлы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар