БАҚ: КХДР президентінің денсаулығында кінәрат бар

/uploads/thumbnail/20180105130628228_small.jpg

Оңтүстік Корея КХДР басшысы Ким Чен Ынның денсаулығында кінәрат бар деген болжамға келді. Бұл туралы сеулдік БАҚ хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Тона ильбо» басылымының мәліметінше, Чхунчхон-Пукто провициясындағы университеттің профессоры Дон Ука Ким Чен Ынның денсаулығы нашар екенін айтқан. Ол президентте мұндай кінәраттың "барын" Ким Чен Ынның Жаңа жыл барысында халық алдында сөйлеген сөзінен байқаған. Оның әрбір сөз саптауын бақылаған профессор Ким Чен Ынның бүйрегіне, жүрегіне, немесе өкпесіне зақым келген дейді.

«Мұндай сараптамамен адамның ішкі ағзаларын анықтауға болмайды, әрине, алайда ол халық алдында сөйлегенде бүйрегіне айтарлықтай зақым келгенін байқау оңай», - деп келтірді басылым профессордың сөзін.

Қатысты Мақалалар