Пентагон басшысы Ресей мен Қытайды «ревизионистік державалар» деп атады

/uploads/thumbnail/20180120131712158_small.jpg

АҚШ-тың Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Ресей мен Қытайды «ревизионистік державалар» деп атады. Бұл туралы ол 19 қаңтарда Пентагонның ұлттық қорғаныс стратегиясын жариялау барысында айтты.

«Біз террористерге қарсы науқанды жалғастырамыз, бірақ АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігінің назарын аударып отырған басты мәселе – державалар арасындағы бәсекелестіктің артуы», - деді Джеймс Мэтти.

Сондай-ақ Мэттис Қытай мен Ресейді «өздерінің авторитарлық модельдеріне сәйкес әлем құруды» көздеп отырған «ревизионистік державалар» деп атады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар