Ағылшынның көмек қоғамы Oxfam жаһандық табыс әділетсіздігінің 2017-де арта түскенін байқаған, деп жазады Qamshy.kz. Бұл туралы BBC түрік қызметі хабарлады.
Мақалада ең бай адамдардың бір пайызы ғана жер-жаһандағы капиталдың 82 пайызына ие екенін жазған.
Кедейлікпен және себептерімен күресуді мақсат тұтатын, әлемнің 90-нан астам елінде қызмет ететін қоғамның есебінше әлемдегі кедейлердің 50 пайызында ешқандай да капитал артуы байқалмаған.
Oxfam байқағандай, Әлемдік экономиканың жүйесі сәтсіздікке жол алып барады.
Салықтан жалтару, компаниялардың саясаттағы артып бара жатқан ықпалы, жұмысшы құқықтарының «эрозияға» түсуі, үнемдеу саясаттары табыс әділетсіздігінің шыңырауын тереңдетіп бара жатқан себептері деп топшылаған Oxfam.
Еске салсақ, Oxfam 2017 жылдың басында әлемдегі халықтың жартысына тиесілі капиталдың тек 8 адамның қолында екенін мәлімдеген болатын. Аталған сан биыл 42-ге артқан. Бұл есепке соңғы статистикалар қолданылған.
Oxfam директоры Mark Goldring «аталған жағдайға қалай қарасаңыз да қабылдау қиын» деген.
Зерттеу қоғамы экономикалық процестерді бақылап, компаниялардың акционерлерінің пайдасын үстемелей түсу үшін атқарған жұмыстарының әлеуметтік себептерінің назарға алынуы тиіс екеніне мән беріп отыр.
Әлемдегі доллар миллиардерлерінің жалпы саны 2043 екенін мәлімдеген Oxfam, әрбір 10 миллиардердің тоғызы еркек екенін, әйел мен еркек арасындағы табыс әділетсіздігіне де назар аударған.
Oxfam қоғамы ел үкіметтеріне әлемдегі байлардың 10 пайызының байлығы жер бетіндегі кедейлердің 40 пайызының капиталынан асып кетпеуі үшін бағдарламалар қабылдау қажеттігін ұсынған.
Алайда еркін нарық экономикасын жақтайтын зертеу ұйымы Экономикалық байланыстар институтының директоры Mark Littlewood «Oxfam кедей топтың мәселесіне шешім табудың орнына бай адамдардың мақтануына жағдай жасап беріп отыр» деп сөкті. «Салықтың арта түсуі мен капиталдың қайта бөлінісі кедей топтар үшін бір пайда бермейді. Бай тұлғалар бірдей уақытта ең көп салықты төлейтін кісілер. Олардың пайдасының азайтылуы ешкімге пайдалы емес», - деген институт директоры.