Тірідей жанған жолаушылар. 2017 жылы әлемде осындай бірнеше оқиға тіркелген

/uploads/thumbnail/20180118172948973_small.jpg

Ақтөбе облысында автобустан шыға алмай, тірідей жанып кеткен 52 адамның оқиғасын қазір бүкіл әлемнің БАҚ-тары жарыса жазып жатыр. Интернет кеңістігіне көз жүгірсек, соңғы 2017 жылдың өзінде ғана осындай оқиғалар әлемде бірнеше мәрте қайталаныпты. Енді автобустардағы өрт оқиғаларына рет-ретімен тоқталып өтейік.

2017 жылдың 3 шілдесі,  Германия

Бавария аймағында жолға шыққан туристік автобустың ішінде 48 жолаушы болған. Оның екеуі – жүргізуші. Италияның курорттық қаласына бара жатқан жергілікті зейнеткерлер мінген автобус жүк көлігіне соғылып, автобус әп-сәтте өрттенген. 31 жолаушы ауыр жағдайда аурухана жеткізіліп, 18 жолаушы автобустың ішінде тірідей жанып кеткен.

2017 жылдың 5 шілдесі, Үндістан

Барали қаласының маңында 22 адам мінген жолаушылар автобусы қарсы бағытқа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. Автобустың дизель құйылған багы атылып, салонның іші тұтас жалынның құшағында қалған болатын. Ұйықтап отырған жолаушылар қас-қығым сәттің ішінде күлге айналды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жылдам жеткенімен, жолаушыларды құтқаруға ешқандай мүмкіндік қалмаған еді.

2017 жылдың 2 шілдесі Ресей, Татарстан

Самарадан шығып Ижевск қаласына бара жатқан автобус жүк көлігімен бетпе-бет соғылу салдарынан аударылып қалған. 28 жолаушы мінген автобус тұтас отқа оранды. Салоннан шығып үлгермеген 14 жолаушы оқиға орынында мерт болды, олардың ішінде екі бала бар. Тексеру қорытындылары көрсеткендей, жол апатына жүргізушілер кінәлі болу мүмкін деген нұсқа қаралған. Татарстанда осы оқиғаға байланысты қаралы күн жарияланды. 

2017 жылдың 14 шілдесі, Эквадор

Кито қаласының маңында автобус аударылып, салон ішінде жылдам өрт шыққан. Жергілікті төтенше жағдайлар қызметі мәлімдегендей, өртенеген автобустан 26 адам шығып үлгеріп, 14 жолаушы тірідей жанып кеткен.

Дарын Нұрсапар

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар