Франция EХРО-2025 халықаралық көрмесін өткізуден бас тартты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік басылымның мәліметіне сүйеніп.
Елдің премьер-министрі Эдуар Филипптің хатында айтылғандай, мұндай шешімнің қабылдануына қаржылық қиындықтар себеп болған. Хатта іс-шараны өткізуге бизнес серіктестердің жетіспеушілігі туралы айтылған.
Франция EХРО-2025 халықаралық көрмесін өткізу туралы өтінішін 2017 жылдың қыркүйек айында жолдаған. Онда көрмені тамашалауға 35 миллионнан 65 миллион адамға дейін келе алатыны да хабарланды.
Миланда өткен EХРО-2015 көрмесіне 20 млн-ға жуық адам келген.
Францияның шешімінен кейін Ресей, Жапония және Әзірбайжан EХРО-2025 көрмесін өткізуге үміткер болды. Жеңімпаз 2018 жылдың қарашасында белгілі болады.
Пікір қалдыру