Әр елдің заңы әр түрлі болып келеді. Көптеген мемлекеттерде ауыр қылмыс істеген адамды жазалайтын болса, кейбір елдерде қылмысты істеген адамды емес, құрбан болған адамды жазаға тартады екен. Сол секілді anews.com сайтына жарияланған оқиғалардың бірін Qamshy.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға ұсынады.
Деректерге сенсек, Пәкістанда 19 жастағы қыз өлім жазасына кесіліпті. Жас бойжеткен өзін ағасы зорлыққа жықты деп жергілікті сотқа шағым түсірген, алайда сот қылмыскерді емес құрбан болған қызға үкім шығарған. Сонымен қатар, қылмыскер бойжеткенді тапаншамен қорқытқан екен.
Бұл оқиға жайында 19 жастағы қыз Раджанпурдегі сотқа шағым түсірген. Бұл тайпалық жүйе сот төрелігінің нормалары мен ресми сот шешімінен бөлек жұмыс істейді. Белгілі болғандай, мұндай тайпалық сот жүйесі белгілі бір қалаларда бар. Алайда сот қыздың өзін айыптап, қылмыскерді емес құрбан болған адамды жазаға тарту туралы үкім шығарып.
Ең таңқаларлығы – мұндай соттың құрамында құрбан болған қыз бен зорлық жасаған қылмыскердің әкесі де болады. Ол өзінің қызын зинақорлық жасады деп айыптап, неке адалдығын бұзушы «карий» деп атаған.
Нәтижесінде, қызды күң ретінде сатуға немесе өлгенше таспен атып жазалауға үкім шығарылды. Ал зорлық көрсеткен қылмыскерге қатысты сот ешқандай да шара қолданбаған.
Зорлыққа ұшыраған қыз өзіне шығарылған үкіммен келіспей, құзырлы органдар мен полицияға хабар берген. Олар дереу қылмыстық іске қатысты тергеу жұмыстарын бастап, панчаят деп аталатын тайпалық сот өкілдерінің барлығы қамауға алынып, 19 жастағы қызды мемлекет өз қамқорлығына алған.
Бұл елде әйелдерді көбінде зинақорлықпен айыптап, өз отбасыларының мүшелері өлтіреді. Олар мұны өздерінің беделін сақтап қалу үшін, ұятты қанмен жуу керек деп атайды.
Пікір қалдыру