Иранда Түркияның жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

/uploads/thumbnail/20180312085812366_small.jpg

Иранның  батысында   жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.  Біріккен Араб Әмірліктерінен шыққан түркиялық жекеменшік жолаушылар ұшағының бортында 11 адам болған деп хабарлады Түркияның ақпарат құралдары. 

Иран билігі 11 адамның көз жұмғаны туралы хабар берген. Башаран холдингке тиесілі жеке ұшақ Иранда құлап өртке оранған. Ұшақта 3 экспаж мүшесімен қоса танымал іскер Құсейін Башаранның қызы Мине Башаран жеті құрбысымен бірге қайтыс болды. Олар күйеуге шығар алдындағы қыздар қыдырысынан БАӘ-ден қайтып келе жатқан.

Шарджа қаласынан Ыстамбұлға қарай бет алған әуе көлігі Иранның Чехармехаль провициясындағы таулы аймақта құлаған.  Қазір апат ауданына іздестіру-құтқару топтары жіберілген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар