Ақтөбе облысы Қазақстандағы жалақының өсу қарқыны бойынша көш бастап тұр

/uploads/thumbnail/20180321122958454_small.jpg

2017 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында орташа жалақы 7,3%-ке өсіп, 126,1 мың теңгені құрады. Нақты жалақының өсу қарқыны бойынша аймақ Қазақстанның өңірлері арасында жетекші орынға ие болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе облысы Еңбек инспекциясының басшысы Мирболат Раимқұлов мәлімдеді.

Жиын барысында бірнеше мәселелер қаралды. Солардың бірі - Ақтөбе кәсіпорындарының өндіріс процестерін тұрақтандыру және жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету туралы меморандумдардың орындалуы.

Бірнеше жыл бойы жергілікті билік органдары өңірдегі барлық ірі және орта кәсіпорындармен осындай меморандумдар жасасты. Арнайы құрылған жұмыс тобы олардың орындалуын қадағалайды. Өткен жылы қабылданған шаралар нәтижесінде 53 ірі кәсіпорындар мен сервистік компанияларда жалақы 7% -дан 20% -ға дейін көтеріліп, кәсіпорындарда мемлекеттік мерекелер кезінде сыйақылар төлеп отырды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап облыста 4771 меморандумға қол қойылды, 500-ге жуық кәсіпорындар жалақыны көтеру туралы міндеттеме алды.

Облыс әкімі меморандумдардың орындалу мәселесін тұрақты бақылауда ұстау туралы тапсырды.

- Облыстың кәсіпорындарында келісімдердің сақталуына байланысты тұрақты жағдай сақталуда, қызметкерлерге төленетін жалақы және әлеуметтік төлемдер уақтылы төленеді. Еңбекақы мөлшерін арттыру бойынша әсіресе өндіріс қызметкерлерінің еңбегіне сондай-ақ ең төменгі жалақы алатындарға ақы төлеу жұмысы жалғасуы керек», - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар