Грузияның Аджария таулы аймағын қызыл қар басып қалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-тың дерегін негізге ала отырып. Табиғаттың бұл тосын құбылысы Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдерінде болған шаңды дауыл салдарынан болған.
Эколог мамандардың айтуы бойынша, Жерорта теңізінен соққан жел Грузияға дейін жеткен. Мұндай сипаттағы жауын-шашын тек Грузияда ғана емес Ресейдің Краснодар өлкесінде байқалыпты. Ұсақ шаңдар қармен бірге ғана түспеген, сондай-ақ Грузияның кейбір жерлерінде сары құм аралас жауын да жауған. Синоптиктер қызыл қар және шаң аралас жауын-шашын адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға қауіпті емес екендігін айтады.
Пікір қалдыру