Ресейдің Кемеров қаласындағы "Зимняя вишня" сауда үйінде өрт шықты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Соңғы деректер бойынша, өрттен құрбан болғандар саны 48-ге жеткен. 40-тан астам адам жараланған. 70-ке жуық адам із-түзсіз жоғалған, оның көпшілігі – балалар.
Өртті сөндіруге 17 сағат кеткен. Жүз шақты құтқарушы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Олар сауда үйінің кейбір жеріне тек таңға жуық қана кіре алған.
Пікір қалдыру