Өртте терезеден секірген баланың отбасы тірідей жанып кеткен (видео)

/uploads/thumbnail/20180326170521331_small.jpg

«Зимняя вишня» сауда үйінде шыққан өртте терезеден секірген жасөспірімнің барлық отбасы мүшелері өртте көз жұмды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап. 

Қазір бала комада жатыр. Дәрігерлер оның терезеден секірген уақытта бірнеше жері сынғанын айтады.

11 жастағы Сергейдің ата-анасы, әжесі мен қарындасы қаза болды.  Жергілікті  БАҚ-тың мәліметінше, олар сауда орталығына балалардың біріне бас киім алуға барған. Балаларға арналған алаңқайда өрт басталғанда ешқайсысы шығатын есікті таба алмаған. Әкесі Сергейді 4-қабаттан итерген, қалғаны секіріп үлгермеген.

Естеріңізге сала кетейік, «Зимняя вишня» сауда үйіндегі өрт 25 наурызда күндіз басталған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, өртте көз жұмғандардың саны 64-ке жеткен.

 

 

 

Қатысты Мақалалар